Футболдан Ресей премьер лигасында 1-орында келе жатқан Петербордың «Зенит» клубы жазда Бауыржан Исламханды команда сапына қосуы мүмкін — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Петерборлықтардың бас бапкері Сергей Семак, клубтың ютуб каналына берген сұхбатында қазақстандық футболшыға қатысты өз ойын ашық айтты.
— Сіз Исламханның «Зенитке» не үшін қосылмағанын айтпадыңыз. Ол алғашқы оқу-жаттығу жиынында ойнады және өзін жақсы көрсете білді.
— Біз ол қандай да бір себептермен сәйкес келмеді деп айтпадық. Бүгінде командамызда нақ осы шепте ойнайтын ойыншыларымыз жетерлік. Оның үстіне — Ригони оралды. Егер ол бізге ұнаған болса …
Оған БАӘ-ден жақсы ұсыныс болып, шақырту алды. Ол сонда алты айға келісім-шартқа отырды және ойнап тәжірибе жинайды. Исламхан легионер болмайтынын ескерсек, болашақта, мүмкін жазда біз бұл мәселеге қайта ораламыз.
Айта кетейік, Ұлттық құраманың белді ойыншысы, қазақ елінің бүгінгі таңдағы ең қымбат футболшысы Бауыржан Исламхан, келісім-шарт бойынша БАӘ біріншілігінде өнер көрсететін «Әл-Айн» командасының құрамында мамыр айының соңына дейін ойнайды.
Пікір қалдыру