Шымкентте 100 мыңнан астам зейнеткер «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы алады. Одан бөлек қызметкерлер мен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да көмекті осы банктерден алады. Оған қоса төтенше жағдай кезінде төлемақы беріліп жатыр.
Сондықтан банкоматтарда кезек туындауы заңдылық. Осы мәселені реттеу мақсатында «Халық банкі» қалалық филиалы басшысының орынбасары Айжан Досымбекова қала аумағындағы бөлімшелері штатты режимде таңғы 09.00 мен 18.00 аралығында тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Қазір зейнетақы алуға келушілерге карта арқылы алуды ұсынып жатырмыз. Қала бойынша 170 астам банкоматтар жұмыс жасайды. Одан бөлек байланыс орталығы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс жасап жатыр. Біздің қызметкерлер оперативті турде клиенттерді қабылдауда»,- дейді ол.
Банкке қарасты 176 банкоматта қаржы жеткілікті. Ақшаны қолма-қол алатын зейнеткерлерден қашықтықтан 7111 нөміріне хабарласу арқылы тегін зейнетақы карточкасын аштыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, банк бөлімшелерінде санитарлық нормалардың қатаң бақылауға алынғанын айтып, маскалық режим бойынша жұмыс істелініп жатқанын жеткізді.
Пікір қалдыру