Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты.
Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.
Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді.
Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар іріктеліп алынады.
Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.
Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіретін болады.
Аталған госпитальдің қала аумағында қызмет етуі инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады.
2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды. Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов […]
Биыл Шымкент қаласы Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселерге байланысты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен […]
Кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, […]
Пікір қалдыру