Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты.
Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.
Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді.
Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар іріктеліп алынады.
Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.
Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіретін болады.
Аталған госпитальдің қала аумағында қызмет етуі инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады.
2025 жылғы 11 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында тағы бір заң бұзушылықтың алдын алды. Сағат 14:00 шамасында №55 ҚАЖ мекемесінің техникаларды бақылау-өткізу пунктінде кезекшілікте тұрған […]
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында төтенше жағдайға байланысты арнайы әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде. […]
Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 […]
Пікір қалдыру