Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.
№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.
Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.
Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.
№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.
№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
Тазалық — тек қала тазалығын ғана емес, сонымен қатар жеке өміріміздің де маңыздылығын көрсететін маңызды ұғым. Кез келген істің бастауы мен нәтижесі адам санасының тазалығына байланысты. «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында қаладағы сенбіліктердің көбеюі […]
Шымкент қаласында Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Екі күнге созылған зияткерлік дода еліміздің […]
2025 жылғы 28 тамыз күні Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Айбары мықты – Ата Заң» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Маңызды қоғамдық-танымдық шараны ұйымдастырудағы мақсат – Ата Заңның ел дамуына […]
Пікір қалдыру