Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру, аумақты тазарту және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қатышушылардың қарасы көп. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Нұртас шағынауданындағы Даналық көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды, көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.
Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
Сондай-ақ, Қаратау ауданында акцияға Нұрсат шағынауданының көпқабатты үйлерінің тұрғындары қатысты. Соңғы акциялардың біріне №37-49 үйлердің 400-ге жуық тұрғыны қатысты. Тұрғындар үйлердің аумағын қоқыстардан тазартты. Шағынаудан тұрғындарының негізгі бөлігі акцияға белсенді қатысқан балалар мен жасөспірімдер. Олар үшін акция – ересектерге көмектесу және достарымен, отбасымен бірге ашық ауада уақыт өткізу. Қатысушылар балаларды тазалау жұмыстарына тарту қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 22 рет тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.
Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.
«Тазалық – денсаулық кепілі». Осы сөзге жай күндері мән бермейтініміз рас. Бірақ, бүгінде көптеген қатерлі аурулардың көбейуіне экологиялық тепе-теңдіктің бұзылып, ауаның ластануы себеп болып отыр. Ал, бұған қазірде біздің еліміз ғана емес, әлем елдері алаңдаушылық білдіруде. Өйткені, табиғи апат емес, қоршаған ортаға адамзаттың қолымен жасалып отырған залал жер тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Соңғы жиырма жылда әлем халықтарының тұтынған тұрмыстық қалдықтары, соның ішінде полителлиннен жасалған құтылар мен қалталар жердің бетін де, астын да ластап жатыр. Тіпті бойындағы химиялық қоспалардың нәтижесінде ұзақ жылдар бойы шірімейтін бұл қалдықтар жердің демін бітеп, көгал алқаптарды қуратып, құм суырған тақырға айналдыра бастады. Оның зардабын қазірде тартып отырмыз. Енді адамзат мекені – жер шарын апаттан аман сақтап қалудың жалғыз ғана жолы – тазалық сақтау және сол тазалықты әр адам өз ауласынан бастауы тиіс.
25 қазан – Республика күні қарсаңында және «Әскер – ата-ананың көзімен» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздардың ата-аналарына олардың ұлдарының қызмет барысын […]
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалды реформасы – елді дамытуда және оны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында республикада қоғамдық кеңестер құрылды. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері — ұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық […]
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің әр аймағында кеңінен таралып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл шараға тек ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес, сонымен қатар түрлі мекеме қызметкерлері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері де белсене қатысуда. […]
Пікір қалдыру