Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданында жүрекке жылу сыйлаған игі шара өтті
Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар және Оңайовтар отбасыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен әр отбасыға демеушілер есебінен 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Ал мереке қарсаңында Шардара қаласындағы Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды
Салтанатты жиында аудан әкімі көпбалалы отбасыларды қолдау – тәуелсіз ел саясатының басым бағыты екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев жылы лебізін білдіріп, үшемдердің аман-есен өсіп, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестік танытты
Қуанышқа кенелген жас отбасылар аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын жеткізді
Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаржысы есебінен салынған
Тәуелсіз елдің әрбір сәбиі – жарқын болашақтың кепілі!
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалар мен өндірістік әлеуетті арттыру жолдары жан-жақты қаралды. Алдымен салық базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудандық […]
Еліміздің табиғи ресурстарын тиімді әрі заңды пайдалану – тұрақты даму мен ұрпақ болашағына жасалған маңызды инвестиция. Осы орайда, Шардара ауданында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және табиғи байлықты қорғау мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар қолға […]
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және […]
Пікір қалдыру