Отырарда 50 отбасыға көмек берілді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайға байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорын құрып, еліміздегі жаны жомарт жандарды қайырымдылыққа шақырды. Қиын сәттерде қол ұшын созып, сын сағаттарда елмен бірге болуға үндеген болатын.
Қауіпті індеттің алдын-алу жолында Серікжан Сейітжанұлы, Ләззат Келдебекқызы сынды отырарлық кәсіпкерлер қорға қаржылай көмек көрсеткен болатын.
Кеше Отырар ауданы, Темір ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков те «Nur Otan» партиясының, «Темір» бастауыш партия ұйымының бастамасына қолдау көрсетті. Ол ауылдағы тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына құны 650 мың теңгеге ұн таратып, қасиетті Рамазан айында игі істің басынан табылды.  Жалпы 50 отбасыға көмек берілді.

Осындай қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, көмек жасау халықтың кемелдігінің әрі өз отандасының тағдырына бей-жай қарамайтын жауапкершілік пен асқақ азаматтықтың нышаны.

Халықтың осындай ынтымақ пен бірлігі қоғам дамуының негізі. Оған әрбір қазақстандық мүдделі болуға тиіс. Ал, қиын-қыстау кезеңде бір-бірін қолдай білген халықтың алмайтын асуы, бағындырмайтын биігі болмас.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*