Шымкент қаласында алдағы 3 жылда жол мәселесі толық шешіледі. Биыл шахардың шет жағындағы топырақ жолдарға тас төселеді. Бүгін Абай ауданы аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Жергілікті тұрғындармен жүздескен қала басшысы қарастырылған қаржының мақсатты игерілуі барлық саланың әлеуетін арттыратынын атап өтті. «Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты игерілуі қажет. Бұл инфрақұрылымды жақсартып, барлық саланың әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді қаланың дамуына жұмсап отырмыз,»- деді М.Дүйсенбекұлы.
Аумағы 49 704 гектарды құрайтын Абай ауданында 323 мыңға жуық тұрғын бар. 34 шағынаудан мен тұрғын алаптың 10-ы 2014 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысынан қалаға өткен. Бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 78,5%-ды құрайтын ауданда нақты жұмыстар қолға алынып, 5 тұрғын алапты ауыз сумен қамтитын магистралды су жүйесінің құрылысы жүруде.
Сондай-ақ, Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке — 20 жыл, Көкбұлақ, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжайдағы 7232 үйге ауыз су жүйелері тартылуда. Жоспарлы жұмыстар аяқталса, аудан халқының 86%-ы таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Биыл Абай ауданындағы 49 көшені жөндеуге бюджеттен 1 099,6 млн. қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда.
Пікір қалдыру