Түркістан облысында тағы бір адамнан короновирус анықталды

Түркістан облысында тағы бір адамның  коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. (01.05.2020ж. сағат 17:30-дағы мәлімет бойынша). Әлем жұртына қауіп төндірген аты жаман індет COVID-19 инфекциясын Келес ауданының 1974 жылғы тұрғыны жұқтырған. Ол өзінен короновирус анықталғанға дейін науқас адаммен қарым-қатынаста болғаны туралы мәлімет берілмеген. Белгілі болғандай, дүниені дүрбелеңге салған дерт келестік тұрғында диагноз науқасты тексеру барысында нақтыланған.

Аталған азаматпен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Қазіргі таңда вирус жұқтырып алған науқастың мекен жайы залалсыздандырылып, ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірінде короновирус жұқтырғандар саны 124-ке жетті.

01.05.2020 ж. жағдай бойынша қазіргі таңда Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны — 124. Оның ішінде, Жетісай -21, Ордабасы-11, Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-18, Байдібек-3, Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1, Келес ауданы -1.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*