Түркістан: қос елдің Үкімет басшысы Мақтааралдағы құрылысты бастап берді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында судан зардап шеккен тұрғындарға арналып үйлердің құрылысы басталып кетті. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Премьер министрлері жаңа шағынауданның құрылысын бастап берді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді. Қос елдің Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. А.Мамин мен А. Арипов Фирдоуси ауылындағы қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесу өткізді.

Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы Мырзакент ауылында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері жаңа шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысып, алғашқы тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты және тұрғындармен кездесу өткізді.
Барлығы Мырзакент кентінде су тасқынының салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасы үшін жеке тұрғын үйлер, мектептер, балабақша мен фельдшерлік пункттер салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын ҚР және ӨР мамандары бірлесіп жүргізетін болады. Ауданның орталығы Мырзакенттегі бұл құрылысты облыс басшылығы тамызда аяқтаймыз деп отыр. Жеңіс деп аталатын жаңа шағынауданда тұрғын үй үшін 50 гектар жер көлемі белгіленген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*