ОРДАБАСЫ АУДАНЫ: АУЫЛДАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Ордабасы ауданындағы ауылдық округтердің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа тракторлардың кілті табысталды. Олардың ішінде Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген және Қарақұм ауылдары бар. Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді мекендердегі санитарлық тазалық пен қыс мезгілінде автомобиль жолдарын тазалау, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде мол септігін тигізетіндігін айтты.
Айта кетсек, Ордабасы аудандағы «Темірлан тазалық» мекемесінде 26 арнайы техника мен 88 қызметкер бар. Олар 4 секторда жұмыс жүргізеді. Техникалар санитарлық тазалық пен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған.

 Бүгінде өңірде, яғни облыста санитарлық тазалық бағытында 5 925 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 665-і КММ жұмысшылары болса, қоғамдық жұмыспен 4 260 адам тартылған. Талдау көрсеткендей, қоғамдық жұмысшылар әр ауылдық округке 5-10 адамнан бөлінген, бұл адам саны сапалы тазарту жұмыстарын жүргізу үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты әр аудандағы жалпы жұмыс күшін жинақтап, құрамы 50-100 адамды құрайтын 2-3 ірі топтарға бөлу ұсынылды. Сәйкесінше, бұл топтарды тиісті техника және жеткілікті құрал жабдықтармен қамту, бөлінген ірі топтардың 1 айлық тазалық кестесін бекіту туралы да ойлар айтылды.

Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржы көлемін ұлғайту, техникалармен қамту, елді мекендердің тазалығын сақтауға жұмысшылар мен техника санын көбейту мәселелері де көтеріліп, тиісті ұсыныстар хатамаға енгізілді. Бұл бағытағы жұмыстар зерделеніп, іс-шаралар жаңаша форматта жүйеленбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*