Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта тұрғындардың жайлы демалып, көңілді сейіл-серуен жасауы үшін барлық жағдайлар жасалынатын болады.
Жалпы аумағы 4 гектарға жуықтайтын саябақтың қазығы келесі аптада қағылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Аудан басшысы Арман Романұлы жаңа нысанда жүргізілетін жұмыс жобасын тағы бір пысықтап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жалпы Түркістан облысында Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені көптен бері айтылып келеді.Ата-бабаларымыз ежелден саят құрып, жүйрік жарыстырып, құсбегілікті жоғары бағалаған. Теңіздің қадірін білген. Осынау ізгі қасиеттерді жаңғыртатын іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын Шардараның жағалауы шетел туристерін қызықтыратын орынға айналуы тиіс және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бір кездері мұзбалақ ақын Мұқағали жырлаған «Шалқадан жатқан Шардараның» бүгіндері тебіреніп, тербеліп, шабыттанып жатқан жайы бар.
Жағажайымен ғана емес, жаңа салынған саябақтарымен де көпшілікті таңғалдыратын болады. Тек туристтер ғана емес, өлкенің тұрғындарына таптырмас демалыс аймағы болады деп сенеміз.
Түркістанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жарық көрген «1424» қысқаметражды фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының тұсаукесеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, өз бағасын берді. Адал жолға үндейтін жоба […]
ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым […]
Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды. Сондай-ақ, […]
Пікір қалдыру