Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Бозай ауылындағы «Ақ үй» әкімшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Аталған нысанның құрылысы биыл басталып, жоспарға сай мереке қарсаңында аяқталды. Айта кетейік, ауылдық округтердегі әкімшілік ғимараттарды жаңартуға аудан әкімі тапсырма берген болатын. Мұндағы мақсат ауылдық округте жұмыс істейтін мамандарға жағдай жасай отырып, халыққа көрсететін қызметтің сапасын жақсарту. Биыл аудандағы 7 ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарын жаңалау жұмыстары жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы әрбір ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Ошақты ауылдық округіндегі Сарыжылға, Бақшысай және Жиделі ауылдары сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, Ұшқын аудық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. Мерекеде қуанышқа кенелген ауылдағы ағайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар үшін алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мен полиция боламын!» және «Менің ата-анам полицей» атты шығармашылық сурет салу байқауы жас жеткіншектер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Байқау — болашақ ұрпақтың бойына құқық қорғау саласына деген құрметті, патриоттық […]
Созақ – қазақтың қасиетті мекені. Созақта бір күн болған адам оны өмір бақи ұмыта алмайды. Осынау киелі туған өлкені жалпақ жұртқа таныстыру мақсатында осы жазбамызды жариялауды оқырманға ұсындық. Созақ – қазақтың ажырамас бір бөлшегі. Қыртысы […]
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы бойынша карантиндік режим енгізілген болатын. Карантин режимін сақтау бойынша Келес ауданында бақылау бекеттері орнатылып, соның Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңындағы «Ошақты» каналында 21 сәуірде кешкі сағат […]
Пікір қалдыру