ТҮРКІСТАН: «НҰРОТАНДЫҚТАР» ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ТАҒЫЛЫМДЫ ЖЫР КЕШІМЕН ӨРНЕКТЕДІ

Бүгін, 12 желтоқсанда Түркістан облысы, Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.  Салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев көпшілікті еліміздегі ең маңызды мерекемен құттықтады.
Филиал төрағасының бірінші орынбасары қоғамға еңбек сіңіріп жүрген бір топ азаматқа партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін тапсырды. Сонымен қатар еңбегімен дараланған азаматтар «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің құрмет грамотасымен марапатталды. БАҚ өкілдері мен Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының алғысхаттары тапсырылды.
Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған «Желтоқсан оқылымдары» жас ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды. ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған жыр додасына 28 ақын қатысты. Нәтижесінде қазылардың шешімімен бірінші орынға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті Дәурен Тілеухан ие болды. Жеңімпазға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Екінші орынға Мейір Оразғали иелік етсе, үшінші орынды Нұрман Бақнұр (екеуі де Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ) еншіледі. Сондай-ақ 10 ақынға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды. Осы байқау облыста талантты ақындар шоғыры өсіп келе жатқанын аңғартты. Ынталандыру сыйлығына ие болғандар арасында Жетісай, Сайрам, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының өрендері ерекше көзге түсті.
Кентау қаласындағы мәдениет үйінде өтетін кеш концерттік бағдарламамен түйінделіп, патриоттық әндер шырқалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*