Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлы Сайрам ауданына сапары барысына «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінде» болды. Оқу ордасы машина жасау, бөлшектерін дайындау сондай-ақ жалпы өндіріс саласының мамандарын даярлайды.
Ақсукент ауылында орналасқан колледжінде болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды оқу базасымен танысты. Колледж оқытушыларымен кездесіп, білім ошағының даму мүмкіндіктерін пысықтады.
Білім ордасында жалпы білім беретін шеберханалар, зертханалар, компьютерлік және лингофон сыныптары бар. Колледж 10 бағыт бойынша мамандарды даярлайды. Атап айтқанда, талапкерлер «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Машина жасау технологиясы», «Электрмен қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Әлеуметтік жұмыс», «Полимерлік өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім ала алады.
«Сапалы білім – білікті маман – жұмыспен қамту» моделімен бағдарланған Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі – еліміздегі бәсекеге қабілетті зауыт кадрларын даярлайды. Қазақстан экономикасын өркендететін білім кадрларын дайындау арқылы мемлекетіміздің ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарының шешімін табуда колледждің үлесі орасан. Олар өңірлік еңбек нарығында өз қызметін дербес атқара алатын білімді мамандар даярлап, аймақтың экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жұмыспен қамтылуына ықпал етуде.
Студенттер мамандықты кедергісіз игеру үшін колледж оқу кабинеттері және құралдармен толықтай жабдықталған. Материалдық-техникалық базасы типтік үлгіде қалыптасқан білім ошағының екі және төрт қабатты 2 оқу ғимараты қолданысқа беріліп, 60 оқу кабинеті, 12 шеберхана, 2 зертхана, 550 орындық мәдениет сарайы, 120 орындық мәжіліс залы, спорт залы, оқулық қорына бай кітапхана, асхана әрі медициналық көмек көрсету пунктері білім алушылардың игілігіне арналып отыр. Облыс әкімі болашақ машина құрастырушылардың оқуда жасалған жағдайымен де танысты. Болашақтың тұтқасы білімді жастарда екенін алға тартқан облыбасшысы бірұқатар тапсырмалар да берді.
Сайрам ауданында жаңа мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас […]
Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің […]
Түркістан облысында бүгінге дейін 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекеме тіркелген. Жалпы алғанда спорт нысандарының саны 4433 жеткен. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізіп жатқанын айтады […]
Пікір қалдыру