Түркістан облысынан 21 спортшы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жүр

Түркістан облысында бүгінге дейін 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекеме тіркелген. Жалпы алғанда спорт нысандарының саны 4433 жеткен. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізіп жатқанын айтады басқарма басшысының міндетін атқарушы.

«Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1062 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 139121 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 714 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 97987 адам қамтылған. Сондай-ақ, аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 629130 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 31,1% құрап отыр», – деді А.Бердашев.
Жалпы облыста спорттың 56 түрі дамытылуда. Оның 28-і олимпиадалық болса, 28-і олимпиадалық емес спорт түрлеріне жатады.
Айта кетейік, аймақтың спортшылары ел чемпионаттарына қатысып, 63–алтын, 57–күміс, 66– қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 айында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 47 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Одан бөлек, 2021 жылы Жапония елінің астанасы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға облыстан 21 үміткер спортшы анықталып, қазіргі уақытта олармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*