Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 120,7 млн теңгеге 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, қала аумағында 9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде, 33 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Аталған жұмыстардың сметалық құны – 2,8 млрд тенге. Республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын аралап, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Үй-үйді аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Халықтың көкейіндегі мәселелерін тыңдады. «Үй тұрғызуды үйреніп алдық. Енді біз […]
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасына осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да […]
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде. […]
Пікір қалдыру