Түркістан қаласындағы Бекзат пен Сауран секторларының тұрғындарымен су, газ, кәріз, жарықтандыру жүйесі, ойын алаңшалары сияқты бірқатар мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков пен бөлім басшылары және «Түркістан-Су», «QAZAQGAZ AIMAQ» мекемелерінің мамандары кездесті.
Кездесуге келген Бекзат секторының тұрғыны ауыз су қысымының төмен екендігін айтып, қашан қалыпқа келетінін сұрады. Мәселеге жауапты «Түркістан-Су» мекемесі директорының орынбасары Сейілбек Дайрабай жақын уақытта аталған мәселені шешіп, сондай-ақ, Бекзат секторындағы Саялы, Қорлан көшелерінің сағат 17:00-ден кейінгі су қысымын ретке келтіретінін жеткізді. Жалпы шаһарда 36500 абонент ауыз сумен қамтылған.
Оған қоса Бекзат секторындағы кездесуде халықты алаңдатқан мәселе – кәріз жүйесі. Бұл сұраққа сала мамандары жоспарға сай рет-ретімен кәріз құбырларының орнатылып келе жатқанын және тұрғындар айтқан аумақтардың да алдағы уақытта кәріз жүйесімен қамтылатынын айтып түсіндірді.
Сауран секторындағы кездесуде тұрғындармен табиғи газ мәселесі талқыланды. Тұрғын-үйлердегі кейбір пәтер иелерінің дербес шоттары ашылмағаны анықталып, «QAZAQGAZ AIMAQ» өкілдерімен бірге шешуге келісімге келді.
Сонымен қатар, 1 мөлтек аудандағы 6-үйдің аула жарығын қосу бойынша айтылған тұрғындар өтінішіне сай тиісті бөлім басшысы жарықтың 10 күнде қосылатынын жеткізді. Дәл осы үйдің ауласындағы ойын алаңшасының құрылысы аяқталмағанын айтып, мердігер мекеменің сотқа жолданғанын, алдағы уақытта тиісті шаралар қолданылатынын түсіндірді.
Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында […]
Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады. –Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды […]
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз […]
Пікір қалдыру