Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция тартылған.
Мерекелік жиынға арнайы қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты Сәуірбай Есжанов, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «Шымкентцемент» ЖШС директоры Иван Пак қатысып, округ халқының қуанышына ортақтасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған.
Сондай-ақ Президент өз сөзінде «Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекет спорт инфрақұрылымын жетілдіруге көп көңіл бөледі», деді.
Спорт саласын өркендетуге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілін кеңінен қолдану бағытында жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлеріміз де бұндай бастамаларды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде табысты жүзеге асырып, жер-жерлерде жаңа спорт кешендерін салуда, спорттық ұйымдардың инфрақұрылымын дамытуда.
«Ел мерейін – ер арттырады, ер мерейін – ел арттырады» деген қанатты сөз бар халқымызда. Елімізде соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз бен шыққан асуларымыз да аз емес. Соның ішінде спорт саласында да елеулі жетістіктерге қол жеткізудеміз, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қазірдің өзінде 371 спорттық нысан жұмыс істейді.
Соның ішінде: 1-«Жастық» стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейні, 3-спорт кешені, 1-«Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 55-спорт залдар, 1-мектептік ашық спорттық комплекс, 8-мылтық ату тирлері, 5-спорттық манеж, 282 — жазықтық алаңшалар, 13-бейімделген спорт залдар бар.
Салтанатты шарада Төлеби ауданында бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, балалардың дене шынықтыруымен айналысуына қолдау көрсеткен бірқатар азаматтарға аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының «Алғыс хаты» табыс етілді.
Мерекелік жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Жорабаева, дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева, аудан өнерпаздары өнерімен халықтың ықыласына бөленді.
2025 жылы Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Бұл тұрғыда өңір әкімдігі ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беруде. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшыларының […]
Түркістан облысы өндірістік әлеуетін күшейтіп, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Өңірде жалпы құны 130,3 млрд теңгені құрайтын 100-ге жуық инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар индустриалды аймақтар арқылы жүзеге асырылып, нәтижесінде […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында […]
Пікір қалдыру