Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен өткен баспасөз брифингінде коронавирус инфекциясына байланысты түлектердің мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі биылғы өзгерістер жайы айтылды. Одан бөлек, Ұлттық бірыңғай тестілеу барысы да сөз болды.
Қаламызда биылғы мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 3-4 маусым күндері мектеп аумағындағы ашық аспан астында ұйымдастырылады. Бұл рәсімге түлектер мектеп формасында қатысып, өзімен бірге ата-анасының тек біреуін ғана ертіп келе алады. Ал маскалық режим мен қашықтықты міндетті түрде сақталуы керек.
Жанат Арысбекқызы ісшараның Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілетінін жеткізді.
Маскалық режимнен бөлек, мектеп немесе мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ивент-агенттіктер мен аниматорларды шақыруға, мерекелік дастарқан жайып, мейрамханаларда кеш ұйымдастыруға және автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға рұқсат етілмейтінін қадап айтты.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 8 885 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның 6 799-ы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады.
Пікір қалдыру