Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. Жұқпалы аурулар госпиталінде науқастарға білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылған. Госпитальде барлығы 160 жұқпалы төсек орын, 20 боксталған палата және 20 реанимациялық төсек бар. Ең бастысы, инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Нақтырақ айтқанда, жаңа орталықта : компьютерлік томограф, сандық рентген және 20 ИВЛ аппараты орнатылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде құрылысы аяқталған госпитальді аралап көрген Елжан Амантайұлы жаңа емдеу мекемесінің сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі зор екендігін атап өтті. ҚР денсаулық сақтау министрі қауіпті індетпен күресуде біліктігін танытып жатқан ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ АЛМАТЫ ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы туралы айтты. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Мәселен бүгін Шымкент […]
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ АВТОКӨЛІГІН ҚҰРАСТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. «Қытайлық компаниямен автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды. Оларға Қазақстан үлкен нарық, қызығушылық […]
Шымкентте 2000 мыңнан астам зейнетақыға өтініші рәсімделген
Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 2 мыңнан аса азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2 104 […]
Пікір қалдыру