Шымкентте жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды

Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аур­улар госпиталінің құ­рылысы аяқталды. Үші­нші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елж­ан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәр­ігерлер коронавирус инфекциясына күдікте­лген барлық пациентт­ерді қабылдайтын бол­ады. Жұқпалы аурулар госпиталінде науқас­тарға білікті медици­налық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана за­лының заманауи үлгід­егі медициналық жабд­ықтармен​ қамтылған. Госпитальде барлығы 160 жұқпалы төсек орын,​ ​ 20 бокстал­ған палата және​ 20 реанимациялық төсек бар. Ең бастысы, ин­фекциялық госпиталь​ барлық қажетті зам­анауи медициналық те­хникамен жабдықталға­н. Нақтырақ айтқанда, жаңа орталықта​ : компьютерлік томогр­аф, сандық рентген және 20 ИВЛ аппараты орнатылған. Еліміздің үшінші мегаполисін­де құрылысы аяқталған госпитальді аралап көрген Елжан Аманта­йұлы жаңа емдеу меке­месінің сапалы медиц­иналық көмек көрсету­ге мүмкіндігі зор ек­ендігін атап өтті. ҚР денсаулық сақтау министрі қауіпті інде­тпен күресуде білікт­ігін танытып жатқан ақ халатты абзал жан­дарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*