Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылыту маусымының қарсаңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бастау алды. Осыған орай, Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М.Жанесен бастаған жұмысшы топ жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында аудан орталығындағы №1 мөлтек ауданында болды. Жергілікті елмен кездесу барысында 1-ші мөлтек ауданының №13,15,17,22,24,26-шы көп қабатты тұрғын үй секторларында тұратын тұрғындарға жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс барысында арнайы мамандар тұрғын үйлердегі пәтерлердегі 8 дана жылыту пештері қолдан жасалғанын, мұржалары және 6 газ плитамен 15 автономды жылыту қазандықтарының желдеткіштері өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігін анықтап, ескерту жасады. Жылыту маусымы қарсаңында жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 150 пәтер тексерілді. Олардың дайындық жай күйі сараланып, тұрғындарға 350 дана түсіндірме парақшалары таратылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БОЛЕЕ 3700 ЧЕЛОВЕК ОТКРЫЛИ СОБСТВЕННОЕ ДЕЛО ПО ГОСПРОГРАММЕ
В этом году в рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Енбек» на 2017-2021 годы в Туркестанской области планируется привлечь 95 721 человек, в настоящее время приняли участие 44 677 человек. Для […]
Түркістан: Өмірзақ Шөкеев су басқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесті
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады. Сарыағаш ауданының әкімдігіне бекітілген Игілік ауылындағы орта мектептегі […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында көптеген нәтижелі істер жүзе асуда. Бұл туралы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы […]
Пікір қалдыру