ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТҮРКІСТАН ДӘРІСТЕРІ» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 

Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы жоғары деңгейде жүзеге асуда. Осыған орай Арыс қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасының мұрындық болуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ел арасында кеңінен насихаттап, оның маңыздылығын тұтастай түсіндіру және бағдарлама аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстармен тұрғындарды таныстыру.

Алқалы жиынға Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құқықтану кафедрасының доценті, PhD докторы Бекбосынов Ермек Төленұлы, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі» бөлімінің бас маманы Әмірханов Бекжан Ниязбекұлы, эәне қаламыздың ардагерлері, ауданның әкелер мектебінің төрағалары, ерікті жастар қатысты.

Жиынды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Әлібек жүргізіп отырды.
Кездесуде зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, жастар саласының өкілдері көпшілікпен өз ойларын бөлісіп, кездесуге қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жоғары деңгейде өткен шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*