Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Бачжоу» халықаралық сауда палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер екі ел арасындағы сауда-саттық, түрлі жер қойнауындағы пайдалы қазбалар және құрылыс материалдарын шығару, ет экспортын дамыту және тері өңдеу мен тағам өнеркәсібі бойынша облысқа инвестиция салып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.
Жиын барсында «Бачжоу» халықаралық сауда палатасының өкілі Ми Вэньин Яньхун Түркістан облысы мен ҚХР арасында бірлесе өндірісті дамыту үшін индустриалды аймақ ашуды ұсынды.
Алдағы уақытта ұсыныстар қаралып, екіжақты жұмыстар жүргізіліп, Қазақ — Қытай бірлескен жобалардың санын арттыру жоспарлануда.
Айта кетейік, өңір басшысы өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жайында айтқан болатын. Оның барысында қытайлықтар үшін тиімді тұстарына баса назар аударылды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласына, қайта өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға ерекше басымдық беріп жатқанын атап өтті. Өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, жақында болған Қытай сапары нәтижесінде жүзеге асатын бірлескен жобалармен де бөліскен. Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екенін білдірген еді.
Шаруалар тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім алуға болатынына көз жеткізіп отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ДАТҚА» жеке кәсіпкерлігінің тамшылатып суару әдісі арқылы егілген мақта […]
Түркістан облысына қарасты Төңкеріс ауылында полиция қызметкерлері мен жас сақшылардың қатысуымен ерекше форматтағы әлеуметтік-патриоттық шара өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жастар арасында бейбіт өмір салтын насихаттау және құқықтық […]
Түркістан облысында тағы бір аудан короновирус инфекциясынан толық арылды. Бұл қуанышты жаңалықты медициналық қызметкерлер де, жергілікті тұрғындар да зор ықыласпен қарсы алды. Түркістан облысы, Шардара ауданында бірде — бір коронавирус науқасы қалмаған. Орталық ауруханасының инфекциялық […]
Пікір қалдыру