Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты.
Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған. Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады.
Өңір басшысы осындай зауыттар мен цехтарды көбейтіп, ауылдарды осы зауыттарға шикізат жеткізуге мамандандыру қажет екенін айтты.
– «Ауыл аманаты» және өзге де қолдау тетіктері бар. Тұрғындарға түсіндіріп, көмектескен жөн. Сүтті, етті, көкөніс пен жемісті терең өңдейтін зауыттар көп болса, өңірдің өндірістік әлеуеті көтеріледі. Екіншіден, аулы тұрғындары да өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алады, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға терең өңдеуге бейімделген кәсіпорындар ашуға басымдық беруді тапсырды.
Айта кетейік Сайрамда сүт өнімдерін шығаратын өзге де кәсіпорындар бар.«Сайрам-Сүт» ЖШС 2004 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін шығарады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аймағындағы ең ірі сүт өндіретін кәсіпорындардың бірі, жақсы материалдық-техникалық базасы және озық технологиясы бар.
Осы уақыт аралығында «Сайрам-Сүт» ЖШС өнімдері тұтынушыларымыздың сеніміне ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам және Түлкібас аудандарынан сатып алынған заманауи өндіріс технологиясы, табиғи шикізат (сүт) бүгінде бізге жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.
Ауданның бетке тұтар кәсіпорындарының бірі сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттауды көздейді.
Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Оның бүгінгі […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы бойынша жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды. — Облыс […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің оқушылары эвакуациялық орталықтарда қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуды жалғастырып жатыр. Аудан аумағындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы 5 мектеп орналасқан. […]
Пікір қалдыру