Түркістан: Мақтаралдағы су басқан ауылдардың балалары қашықтықтан білім алуды жалғастыруда

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің оқушылары эвакуациялық орталықтарда қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуды жалғастырып жатыр. Аудан аумағындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы 5 мектеп орналасқан. Бес білім ошағындам 1638 оқиды. Аталған 5 ауылда 6 мектепке дейінгі білім беру ұйым бар. Онда 425 бала тәрбиеленеді.

Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша жағдай жасалып, «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы оқуларын жалғастыру мақсатында телевизорлар орнатылды. Оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Балалар бос уақыттарында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысады.
Ата-аналар мен оқушылардың көңіл-күйі мен психологиялық ахуалы бір қалыпты. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Жергілікті тұрғындар, мектеп әкімшіліктері мен көрші Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Арыс аудандарынан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа заттарын алып беруде.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*