
Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары облыс орталығындағы халық көп шоғырланған орындарда – көшелерде, қоғамдық көлік аялдамаларында, теміржол және автобекеттерде, сауда орындарында, автожолдар бойында және туристік нысандарда тұрғындармен тікелей кездесті.
Азаматтармен әңгімелесу барысында полицейлер өз қызметінде заңдылықты сақтау мәселесіне ерекше мән берілетінін түсіндіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер орын алған жағдайда қайда және қалай шағымдануға болатыны жөнінде кеңес берді. Осыған орай тұрғындарға сенім телефондары мен қажетті байланыс құралдары көрсетілген жадынамалар таратылды.
🔹 Сенім телефондары:
📞 102 – Жедел шақыру қызметі
📞 1402 – ҚР Ішкі істер министрлігінің сенім желісі
Мұндай іс-шаралар халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кері байланысты жеңілдетуге бағытталған.
Егер сіз қандай да бір қылмыстың, заңсыз әрекеттің куәсі немесе құрбаны болсаңыз, жоғарыда көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
Пікір қалдыру