Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакентте 360 үйдің құрылысы толық аяқталды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Мақтаарал ауданындағы құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Жаңадан бой көтерген Мырзакент шағын ауданының тұрғындары қазан айының екінші декадасында қоныс тойын тойлайтын болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мырзакенттегі жаңа мөлтек ауданында салынып жатқан 386 үйдің ішінен 360 үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Бұдан бөлек, Фирдауси, Өргебас елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары да бақылауда. Қазіргі таңда Фирдаусида 201 үй, Өргебас ауданында 140 үй пайдалануға беруге дайын.
Сонымен қатар, сапар барысында тиісті мемлекеттік органдардың басшыларымен, мердігер компаниялар өкілдерінің қатысуымен арнайы штаб отырысы өтті. Су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарға жаңа үйлердің кілті салтанатты түрде тапсырылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру