Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет инвесторларды қабылдап, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді. Алдымен Қытай инвесторларымен кездескен өңір басшысы зауыт, өндіріс орнын ашуға мемлекет тарапынан инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Облысымызда арнайы экономикалық аймақ, аудан, қалаларда индустриалды аймақтар бар. Біз өз тарапымыздан инвесторлар мен кәсіпкерлердің бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
Кездесуде Түркістан маңында тұрмысқа қажетті тазалық заттарын шығаратын өндіріс орнын ашу және өзге де жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөз жүргізілді.
Одан кейін Дархан Сатыбалды «QazaqPlast» ЖШС-нің басшыларымен кездесті. Кәсіпкерлер Түркістан қаласында жаңа кәсіпорын ашуға ниетті. «QazaqPlast» – Қазақстан Республикасы бойынша бір рет қолданатын ыдыстар, фудкорттарға қажетті ыдыс-аяқ және полиэтилен пакеттер шығаруда көшбасшы компания. Алдағы уақытта Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында бір жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Облыс әкімі жауапты басшыларға жаңа жобаларды сүйемелдеу, қолдау көрсету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына іссапармен барып, Шорнақ елді мекеніндегі Әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. Құрылғанына 3 жылдан асқан ауданда инфрақұрылым жасақталып, жаңа ғимараттар көбейіп келеді. Ең әуелі аумақтық органдар ғимаратының құрылыс жұмыстарымен […]
Жетісай ауданында Әкелер күніне орай ерекше форматтағы тағылымды кездесу ұйымдастырылып, оған аудандық полиция қызметкерлері, «Әкелер мектебі» мүшелері, ардагерлер және қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара аудандық «Асыл қазына – тең қоғам» қоғамдық мекемесінің бастамасымен өтті. Кездесудің басты […]
Пікір қалдыру