ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРМЕН ТОЛЫҒЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына іссапармен барып, Шорнақ елді мекеніндегі Әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. Құрылғанына 3 жылдан асқан ауданда инфрақұрылым жасақталып, жаңа ғимараттар көбейіп келеді.
Ең әуелі аумақтық органдар ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда нысан басында 60 жұмысшы, 4 техника бар. Жер ауданы – 2,1 га. Құрылыс алаңы 7 мың шаршы метрден асады. Ғимарат шатыры жабылған. Бұдан бөлек ішкі сылақ, ішкі электрмен жабдықтау, сыртқы жылумен жабдықтау, жылу қазандығы, сыртқы кәріз, терезе орнату, ғимаратқа кіретін баспалдақтар және пандус бетондары, сыртқы фасад жұмыстары аяқталған. Ішкі инженерлік желілері және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
– Мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға қолдау көрсетіліп жатыр. Соның ішінде Сауран ауданы да бар. Құрылыс сапасын қатаң қадағалауда ұстау керек. Ешқандай кемшілікке жол берілмейді. Жұмысты адал істеңіздер, – деген облыс әкімі жауаптыларға тапсырмалар берді.
Өңір басшысы Сауран аудандық полиция бөлімінің ғимаратын көрді. Бүгінде құрылысын «NTR» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Жер ауданы – 1,375 га. Құрылыс алаңы 2 мың шаршы метрден асады. Жалпы құны – 1,7 млрд теңге. Қазіргі таңда басты блоктары, гараж, фронт офис ғимараттарының шатыр жабу жұмыстары, қасбет, футбол алаңының металды каркастары, ішкі әрлеу, вентеляция, ішкі электрмен жабдықтау, сыртқы қоршау жұмыстары толығымен аяқталған. Ал абаттандыру бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. Нысан басында 3 техника 30 адам жұмыс істеп жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*