Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға ерекше мән берілуде. Аталған жұмыстар бойынша аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев «Асвс ойл» ЖШС өкілдерін қабылдап, жаңа өндіріс орнының ашылу барысын талқылады.
Аталған серіктестік Ошақты ауылдық округіне қарасты Сарыжылға елді мекенінің аумағынан жалпы құны 1 млрд 780 млн теңге болатын жібек құртын өсіру және өңдеу кәсіпорнын салуды қолға алуда. Жоба аясында 60 гектар жер учаскесіне тұт ағашының көшеттері отырғызылып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Қазіргі таңда аталған жер учаскесі заңды негізде бөлініп, қажетті инфрақұрылым жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жер асты су ұңғымасы қазылып, су шығару жұмыстары сәтті аяқталған. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен тұт ағашының көшеттерін жеткізуге байланысты келісім-шарт жасалды.
Ағымдағы жылы жоба тиімділігін бағалау мақсатында Біртілек ауылдық округі аумағында 0,5 гектар жерге сынамалық тұт көшеттері отырғызылған болатын. Бүгінде аталған көшеттер жергілікті климатқа бейімделіп, алғашқы өнімін беруде.
Жобаның келесі кезеңінде инвесторлар тұт жапырағынан шай өндіру бағытын дамытуды көздеп отыр. Бұл мақсатта Қытайдан арнайы шай өндіруге арналған заманауи қондырғыларды жеткізу жоспарлануда.
В рамках программы данной инициативы в Туркестанской области в этом году трудоустроят 12462 человека, создав 24925 новых рабочих мест. Между тем, в настоящее время уже создано 12 111 новых рабочих мест, а 10 739 […]
Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік […]
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы, әсіресе елдің оңтүстігінде сезіле бастады. Энергияны тұтыну өскен сайын алдағы бірнеше жылда жағдай нашарлауы мүмкін. Бүкіл генерацияның шамамен 70% құрайтын көмір электр станциялары тозған күйде және оларды ауыстыру айтарлықтай инвестиция мен […]
Пікір қалдыру