Түркістан: Мақтааралдықтар үй жихазымен қамтамасыз етілді

 

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін үй жихаздары тарту етілді. «Астана Моторс» компаниясы жалпы құны 50,5 млн теңгеге жаңа жиһаздың 426 жиынтығын сыйға тартты. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы жаңа қоныстанушыларға жеткізіліп үлгерді.

«Астана Моторс» компаниясы қиын жағдайға тап болған жұртшылыққа тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Компания тарапынан төтенше жағдай кезінде Арыс қаласының тұрғындарына 20 млн теңге және гуманитарлық көмек жіберілді. Мақтаарал ауданының тұрғындарын жиһазбен қамтамасыз ету жобасы «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры арқылы жүзеге асырылды.

Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан 895 отбасы зардап шеккен болатын. Бүгінде баспаналар бұзылып, қайта салынып жатыр. Инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елдімекендерінің тұрғындары үшін Мырзакент ауылында жаңа ықшамаудан бой көтерді. Ауданда 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*