Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы. Салдарынан түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін.
Ондай жағдай да, адамдар алданып, өзгенің арбауында кетеді. Тіпті, алаяқтарға жем болып, қалтасындағыны қағып беретіндер өте көп.
Осыған орай, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Забадам елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Олар, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды дамыту бойынша сыр шертісіп, ой бөлісті. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Құқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Жоғарыда айтылғандай өміріне алып келетін түрлі деңгейдегі қиындықтардың алдын алады.
Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы.
Кездесуге құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.
Сала мамандары халықтың ой-пікірін тыңдай отырып, психологиялық кеңестер берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде толығырақ түсііндірме жұмыстарын жүргізді.
Во время встречи с жителями города Шымкента, особенно в районе Аль-Фараби, аким города Габит Сыздыкбеков обсудил вопросы охраны природы и улучшения экологии города, в частности, необходимость увеличения числа аллей и парков. Эти предложения от горожан […]
В Шымкенте правоохранительные органы внедряют новые подходы к обеспечению общественной безопасности. Теперь сотрудники полиции патрулируют парки, скверы и пешеходные зоны, используя современные электросамокаты. Такой формат несения службы позволяет более оперативно реагировать на нарушения порядка и […]
В Шымкенте на железнодорожном вокзале усилены санитарные требования.В третьем мегаполисе страны на железнодорожном вокзале усилен режим против коронавируса. В соответствии с требованиями проводятся социальные расстояния, масочный режим, проход пассажиров между вагонами. А температура тела пассажиров […]
Пікір қалдыру