Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл!
Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.
Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.
Айта кетейік, мәденит, өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында театр 17 шетелдік, оның ішінде Перу, Эстония, Латвия, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Корея, Иран мемлекеттері және 7 қазақстандық, Алматы, Ақтөбе, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрларымен екі жақты меморандум жасалды. Алдағы уақытта театрдың 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық қуыршақ театрлары фестивальін өткізу жоспарлануда.
Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр труппасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.
Шымкент қаласындағы бұрынғы ипподромның орнында салынып жатқан «Атамұра» тұрғын үй кешенінен Бәйдібек би даңғылына шығатын жол салу жоспарланған болатын. Жолдың жалпы ұзындығы 218 метр, ал ені 14 метрді құрауы тиіс еді. Құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттары […]
Шымкент қаласының әкімдігі халыққа қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі — қала көшелерін жарықтандыру. Биылғы жылға дейін қалада жарықтандыру жұмыстарымен айналысқан мекемелер 2023 жылы […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. […]
Пікір қалдыру