Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен
тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда.
Бүгін қала әкімінің орынбасары Н. Ергешбек жауапты басқарма басшыларымен бірге арнайы жиында жаңа мектептердің құрылыс барысын талқылады. Қазір қала аумағында 18 білім нысанының орны анықталған. Абай ауданында — 7, Әл-Фараби ауданында -1, Еңбекші ауданында — 2, Қаратау ауданында — 6, Тұран ауданында — 2 мектептің құрылысы бекітілді. Бүгінгі таңда 13-нің жер учаскесіне мемлекеттік акт алынған. Ал, қалған 5 нысанның жер учаскесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 4 ғимараттың құрылысына бөлінген жер телімдерін мемлекет мұқтажына алуда тиісті шараларды атқаруда.
Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады. Сонымен қатар қосымша 2 579 педагог жұмыспен қамтылады.
Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған.
Қала әкімінің орынбасары құрылыс барысында осы артықшылықтарды назарға алуды, құрылыстарды мерзімінде аяқтауда өзекті мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.
Шымкент қаласының 9 және 11-сынып оқушылары ІІІ тоқсаннан бастап мектепке келіп оқиды. Бұл ретте оқушылар негізгі пәндер қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан […]
2020-2021 оқу жылында өткен олимпиаданың нәтижесіне сүйене отырып, matol.kz сайты еліміздегі үздік 115 мектептің рейтингісін жасады. Айта кету қажет, үздіктер қатарынан көріну үшін білім ошағының шәкірттері олимпидада 1 алтын медаль алса да жеткілікті болатын. Өйткені, сайт […]
Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен барлық аудан, қалалардағы орта мектептерде «Әкелер мектебі» құрылды. Оның құрамына кірген ақсақалдар мен түрлі ұйым мүшелері жасөспірімдер тәрбиесін түзеу мен салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен айналысып, отбасылық тәрбиені насихаттап, мектептердегі бала тәрбиесіне […]
Пікір қалдыру