Елімізде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 369 мектеп салынуы тиіс
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде.
Мектептің құрылысы былтыр тамыз айында басталған, биыл мектепті толықтай тапсыру көзделген. Учаскенің жалпы ауданы 2,8 гектар жерді құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы – 5 700,0 шаршы метр.
Облыс әкімі мердігер мен осы салаға жауапты азаматтарға жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті. Бұл мектеп өзге білім ұяларына үлгі болып, оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалуы керектігін жеткізді. Мектепті білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарға алынады.
– Бұл жобаның жүзеге асуы – сіз бен бізге сын. Кәсіби мамандар жасақтауды тездетіңіздер. Ең бастысы, құрылыс мерзімінің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Осыны ұмытпайық. Сапаның ақсамауын қадағалаңыздар, – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. 29 жайлы мектептің құрылысы биыл аяқталады.
Құрылыста отандық өнімге басымдық берілген. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. […]
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында 2020 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «TÚRKІSTAN BAQ — 2020» байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау шартына сәйкес, 23 маусым күні […]
Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде «Шымкентцемент» ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция […]
Пікір қалдыру