Шымкент қаласында жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес қыркүйек айынан бастап 24 оқу орталығы 1500-ден астам жұмыссыз азаматты тегін оқытады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылады. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыссыз азаматтарға сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісім-шарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында оқу ұйымдарында түрлі мамандықтар бойынша оқытып, жұмыс күшімен қамтамасыз етуді өтінген 60-тан астам жұмыс беруші мекеменің талапқа сәйкестіктері сараланды. Мекемелерден техникалық және кәсіптік сала мамандарына сұраныс көп түскен. Атап айтқанда, автомобиль жөндеу –дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлер секілді мамандық иелері сұранысқа ие.
Жалпы, кәсіптік оқыту мерзімі 3 ай. Ай сайын 20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.
Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты. «Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, […]
Шымкент қаласында Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ұландары қазіргі уақытта Ресей Федерациясы, Орынбор қаласында өтетін III халықаралық кадеттер сайысында сынға түсуде. Бұл халықаралық шараға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Өзбекстан және Беларусь республикаларының кадеттері қатысып жатыр. Сайыс […]
Шымкент қаласында орналасқан JOO High School мектебінде бүгін оқушыларға арналған маңызды профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шара «Бақытты отбасы – бақытты ел» және «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциялары аясында өтті. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық […]
Пікір қалдыру