Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты.
«Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, алғыс айтуға келіп тұрмын. Сіз қызметке келгелі, көшемізге бірнеше рет келіп кеттіңіз. Өткенде сіз келген балаларға спорт алаңшасын салу жайлы мәселе көтеріп едік. Себебі, балаларымыз асфальтте ойнап, үстері шаң болып, тізелері жырылып, жара болып әбіржіп жүруші еді. Оның үстіне көшеде ойнаған соң, көлік қағып етеді ме деген де қауіп болған. Рахмет, мәселені тез шешіп, стадион салып бердіңіздер. Жарықты да қостыңыздар. Біз тұрғындармен ақша жинап, көше бойына тал егіп қойдық. Өзіміз кезектесіп, енді отырғызған талдарымызды суғаруды қолға алып жатырмыз. Енді Қаратау ауданының әкімі бір келгенде, көше бойынан бос жер тауып бердік. Сол жерге кешке ақсақалдар отырып, демалатын, серуен құрып, шашка ойнайтын аллея салып берсеңіздер»,-дейді Омбы көшесінің тұрғыны Төлеген Ғалымжанов.
Өз кезегінде Ғабит Әбдімажитұлы тұрғынның бұл ұсынысына да қолдау білдіретінін айтты. Бірақ, бәрі кезең-кезеңімен болатынын жеткізді.
«Жақсы, аудан әкімімен бірге жоспарлап жұмыс жасай беріңіздер. Барлығы бірден болмайды. Жоспарлар кезеңімен жүзеге асады. Ал көшелеріңізегі ағаштарды суғаруды өдеріңіз ұйымдастыра беріңіздер. Оған мемлекеттен заң жоқ, оны үстіне қаладағы әрбір көшені тамшылатып суғару тәсіліне өткізу мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар бұл жұмыстарды қолға алғаны жөн. Менің де бала күнімде 18 шағын ауданда ауламыздағы талдарды шелекпен суғарғаным есімде. Сол талдар бүгінде жайқалып өсіп тұр. Сол себепті мұндай іс әрбір азаматтың борышы болуы тиіс»,- деді қала әкімі.
Пікір қалдыру