Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 190 мыңнан асып жығылады. Сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.
Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Халқы тығыз орналасқан елді мекен болған соң, мектептер мен ойын алаңшаларын қажет етеді. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары кен өндіру саласындағы стратегиялық келіссөздердан басталды. Кездесу барысында ол канадалық Cameco компаниясының басшысымен уран өндірісі мен өңдеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тоқаев Cameco компаниясын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының […]
Отбасындағы тыныштық пен өзара түсіністік – қоғамның берік негізі. Алайда, өкінішке қарай, бүгінгі таңда кейбір отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері орын алып жатады. Мұндай келеңсіз жайттар адамның физикалық ғана емес, психологиялық денсаулығына да кері әсерін тигізетіні […]
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған оқытушылар мен студенттердің кездесуі өтті. Маңызды жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңа редакциядағы Ата заңның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. […]
Пікір қалдыру