Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап тұрғандай. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан жаңа аумақ. Қазір мұнда 19 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 744 жеке секторлы үй, 86 көпқабатты тұрғын үй, 6 мектеп, 4 балабақша орналасқан.
Сонымен қатар Тұран шағын ауданын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, шағын ауданның тұрғындары 100% ауыз сумен, электр жарығымен және интернетпен қамтылған. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша табиғи газ құбырлары толық жеткізіліп, абоненттеу жұмыстары жүзеге асып жатыр.
Ал, кәріз жүйесі 35 пайызға қамтамасыз етілген, жоспар бойынша аталған шағын ауданда 2023 жылы кәріз құбырлары түгел тартылатын болады.
Айта кетейік, шағын аудандағы 49 көшенің 16-сы асфальтталған, 28-іне шағал тас төселсе, 5-еуі топырақ жол. Биыл атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7, 9,10,11,12,13 көше жөндеулен өтуде. Сонымен қатар, 2023 жылы «Әдия» тұрғын үй кешені, атауы жоқ №2,3,7 көшелер жарықтандырылады.
Тұран шағын ауданында іске асырылып жатқан жобалардың бірі – жаңа мектептің құрылысы. Оқу ғимаратының аяқтау мерзімі 2024 жылға жоспарланған. Жаңа шағын ауданға ең қажеттісі ол мектеп. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ескерсек, білімді озық ойлы оқушылардан, мемлекеттің тұтастығы құрылады. Сол себепті де заманауи бағыттаға мектептердің қатары көбейгені жақсы. Тұран жаңа шағын аудан болғандықтан тұрғын санына қарай мектеп жоспарға енген. Келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, шағын ауданда мұнан бөлек биылғы жылы 2 спорт алаңшасы және 12 балалар ойын алаңшасы салынуда.
В период 2021–2022 годов через открытые конкурсы по государственным закупкам были объявлены работы по капитальному ремонту каналов «Кок», «Чумчак», «Шапырашты», «Шымкент» и «Саркырамадан Төмен Сай». По итогам конкурсных процедур с подрядными организациями были заключены соответствующие […]
БМК каналынан секундына 250 литр көлеміндегі су алынып, ол Шымкент каналы арқылы Жаңа шек каналына (ұзындығы 11,8 км) бағытталды. Нәтижесінде қаланың Аймауытов, Ақпан батыр, Қазыбек би, Дулати, Толстой, Иляева (50 метрлік лоток), Адырбеков, Тәуке хан, […]
Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық аумағында «Coca-Cola Kazakhstan» сусын өндіру зауытының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды инвестициялық жобаның іске қосылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы бұл жобаның қала дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. «Инвестициялық […]
Пікір қалдыру