«АШЫҚ ДИАЛОГ»: ШЫМКЕНТТІК БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Шырайлы шаһардың жаңа басшысы жұмыс күнін әдеттегі жиналыстан емес, тұрғындармен кездесуден бастады. Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Келгендердің қарасы қалың. Барлығының жанарында үміт пен сенім. Себебі ол жерге жиылғандардың барлығы дерлік көкейтесті мәселемен келген.  Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді.

 

«Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.

Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді. Жауаптыларға азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді, шұғыл шешуді тапсырды. Инфрақұрылым мәселесі тек біреудің ғана емес, көпшіліктің қиындығы.

 

Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Сала мамандары барынша жүйелі әрі нақты жауап берді.  Мәселесі нақтыланған қала тұрғындары осындай кездесулердің жиі өткізілуін сұрады.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*