Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында жеке мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қала прокуроры Ғабит Мұқанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қала бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің қатысуымен өткен басқосуда ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталып, оңтайлы шешу жолдары талқыланды.
Биыл қалада 134 228 оқушыны ыстық тамақпен қамту қарастырылған болса, оның 80 мыңнан астамы -1-4 сынып оқушылары, 53 893 оқушы — атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балалары. Мектептердегі қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің айтуынша асханадағы ыстық тамақ министрліктен белгіленген тәртіп бойынша мәзірлері мен оның мөлшерлері ауытқымай беріліп жатыр екен.
2022 жылы қала мектептерінде бастауыш мектеп оқушыларына түгел ыстық тамақ берілген болатын. Жалпы қамтылған оқушылар саны — 133 758. Бұл мақсатқа 12,8 млн. теңге жұмсалған.
Қала аумағында осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында құқық қорғау органдары қадағалап отырады. Сондай-ақ, білім саласына жауапты басқармалар бақылап, ата-аналар комитеті өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы өз тарапынан әр кезеңде тексеріс жүргізіп отырады.
Келесі аптада жұмыс тобының қорытындысы арнайы жиында талқыланатын болады. Алдын мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту тек әлеуметтік жағдайына қарай ғана беріліп отырды. Қазіргі таңда тек аталған топқа ғана емес, 1-4 сынып оқушыларына түгелімен беріледі.
Шымкентте 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 13 шағын ауданда мектеп жоқ. Халық санының өсіміне орай мектеп оқушыларының саны былтыр бір жылда 20 889 балаға көбейген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының инфрақұрылымын […]
Бүгін Шымкент қаласының Асар мөлтек ауданында «Intellect» физика-математикалық лицейінің ресми ашылуы болды. Бұл жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және мәртебелі қонақтар қатысты. Салтанатты рәсім барысында […]
Жұмыс аптасы барысында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Атамекен ауылдық округінің Жемісті елді мекеніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазыбек би» атындағы №67 жалпы білім беру мектебінде болды. Атқарылып […]
Пікір қалдыру