Жұмыс аптасы барысында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Атамекен ауылдық округінің Жемісті елді мекеніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазыбек би» атындағы №67 жалпы білім беру мектебінде болды. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, ауыл билерімен, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесті.
200 орынға есептелген білім ұясында бүгінде 42 мұғалім 361 оқушыға білім береді. 23 сынып комплектісі бар. Оқу жүйесі 2 ауысымда жүргізіледі.
«Construction Group «SAMRUK» ЖШС өкілінің айтуынша 2012-жылы қолданысқа берілген аталмыш мектептің құрылыс-монтаж жұмыстарына 100-ге тарта жұмысшы жұмылдырылып, тамыз айының соңына тәмамдауды жоспарлап отырғандарын айтады.
Жалпы құны 453 858 910 теңгені құрайтын жобаның құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстың сапасын қатаң бақылауға алуды және жоспарланған жұмыстарды мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.
«Құрылыс жұмыстарының, қолданылып жатқан материалдың сапасына ерекше мән беру керек. Өйткені, бұл жерде елдің перзенттері, болашағымыздың иелері білім алатын болады. Кез-келген немқұрайлылықтың салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, жауапкершіліктің жүгін сезінулеріңіз керек. Мектеп жаңа оқу жылында іске қосылатын болсын» деді Серік Үсенұлы.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жемісті елді мекенінде қазығы қағылған фельдшерлік-акушерлік пунктте де болды. Ауыл билері мен ақсақалдарға құрылыс сапасы мен барысын бақылау керектігін айтып, кез-келген кемшілік анықталған жағдайда әкімдікке хабарласуға болатынын жеткізді.
Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. […]
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында жеке мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қала прокуроры Ғабит Мұқанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қала бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің қатысуымен […]
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесулерімді жалғастырудамын. Кезекті кездесу Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 3-і нақты шешімін […]
Пікір қалдыру