Жетісай ауданында тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр.
Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын Ж.Қараев, Қабылан ата, Мереке, Жұлдыз, Қазына, Мұра, Жеңіс, Жігер, М.Сейтімов, Ақбұлақ, С.Тастанов, Ш.Айманов, Қызылжар, Қарекет, Жаңа құрылыс №7 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрбан ата елді мекені бойынша жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын Т.Әлімбетов, Т.Мергенбаев, Жаңа құрылыс №1, И.Бекетов, Қобылан ата, Ахметов көшелері мен Алғабас елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Архабаев, Бекжандарбекұлы, Мұңайтпасов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Жамбыл елді мекеніндегі Бекарыстанов, Достық, Д.Қалдыбаев, Бигельдинов көшелеріне, Әбиболла елді мекеніндегі Сапарбек ата, Егенов көшелері мен Таубай ата елді мекеніндегі Жасұзақов көшесіне сараптамалық қорытындының оң нәтижесі алынған. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округінде «Баспанаға жол» акциясы аясында 12 отбасылық 6 баспананың іргетасы қалануда деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді бірер айда 12 көпбалалы […]
Жетісай ауданында мақта терім науқанын алғашқы болып бастағандардың бірі «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов. Ол иелігіндегі 14 гектар жерге қытайлық «60» сортының шитін сепкен. Биыл шаруа гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнім алуды жоспарлап […]
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
Пікір қалдыру