Бірлік пен тұрақтылық – қоғам дамуының өзегі

Кез келген мемлекеттің өркендеуі мен ұзақмерзімді дамуы ең алдымен ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге байланысты. Бұл – уақыт сынынан өткен ақиқат. Тарих беттерін парақтасақ, сыртқы күштің емес, ішкі алауыздықтың салдарынан әлсіреген, тіпті жойылып кеткен елдер аз болмаған. Ал керісінше, ынтымағы жарасқан, татулығы берік халықтар түрлі қиындықтарға төтеп беріп, кемел болашаққа қадам басқан.

Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бейбітшілік пен бірлікті басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Бұл – мемлекеттің стратегиялық бағыты ғана емес, әрбір азаматтың саналы таңдауына айналған құндылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Татулық пен келісім – еліміздің ең басты байлығы». Бұл сөздер бүгінгі таңда бұрынғыдан да маңызды мәнге ие болып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрақтылық пен келісім бар елде ғана экономикалық өркендеу мүмкін болады. Инвестициялар тарту, ірі жобаларды жүзеге асыру, жаңа технологияларды енгізу – мұның бәрі тек сенімді, қауіпсіз, татулығы берік ортада жүзеге асады. Қазақстанның соңғы онжылдықтағы экономикалық жетістіктері – бұл біздің ішкі тұрақтылықты сақтай білгеніміздің айқын дәлелі. Бірлік болмаған жерде қандай да бір табиғи байлық немесе заманауи технология елді дамытпайды. Қайта, алауыздықтың өзі бар мүмкіндікті жойып жібереді. Сондықтан ынтымақты сақтау – бұл тек әлеуметтік мәселе емес, стратегиялық дамудың негізгі тетігі. Мәдениет, ғылым және білім – тек бейбіт ортада ғана дамиды. Қоғамда сенімсіздік пен дүрдараздық белең алса, шығармашылық та, инновация да тоқтайды. Ал бірлік пен өзара сыйластық бар елде әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, өзінің әлеуетін толық аша алады. Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары – барлығы да қоғамдағы келісім мен татулықты нығайтуға үлес қосуда. Бұл – тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі. Ынтымақ – жай ғана сөз емес. Ол – нақты әрекет, күнделікті қарым-қатынасымыздағы сыйластық, ортақ мүдде үшін жұмыла білу қабілеті. Болашақ ұрпақ бізден тек экономикалық жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, бірлікті сақтау дәстүрін де мұра етіп алуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – халық бірлігінде. Ынтымақ пен келісімді сақтау – өркендеуге апарар ең сенімді жол. Ақпаратты бастапқы бөлігін өзерту керек

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*