Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстармен қатар кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шаралары талқыланды.
Аудан әкімі Р.Мүлкеманов халықпен кездесулерде көтерілген жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылым, көгалдандыруға қатысты мәселелердің шешімін жеткізді. Қала басшысы халықпен кері байланысты нығайтып, аталған проблемаларды оңтайлы шешуді тапсырды.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Қ. Базарбаев су айдындарындағы қауіпсіздікті қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл ретте жауаптыларға қауіпті су айдындарында арнайы белгілер орнату бойынша және қала аумағындағы барлық су бұрқақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар берілді.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысының міндетін атқарушы Т.Мекамбаев кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шараларын жеткізді. Сала басшысына бұл ретте саябақтарда залалсыздандыру жұмыстарын атқару тапсырылды.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 142 мыңнан аса адам, 962 өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 603 әлеуметтік нысан қатысты, 6311 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 6 мың шақырымнан астам көше, 5 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 5671 тонна қоқыс шығарылды.
Қала әкімі тиісті сала басшысына тазалық жұмыстарын тоқтатпай, алдағы уақытта да осы бағыттағы шараларды жүйелі атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халыққа берілген барлық уәделерді дер кезенде орындау қажеттігін ескертті.
Еліміздің үшінші мегаполисінде алдағы уақытта «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы, «Түркістан» сарайында өткен халық алдындағы жылдық есебінде мәлімдеді. «Қаладан 136 гектар жер бөлініп, агроиндустриалды аймақ […]
«АМАНАТ» Партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысып, №231 референдум учаскесінде өзінің дауысын берді. «Бұл оқиға бүкіл ел үшін үлкен маңызға ие. Әркім өз құқығын пайдаланып, дауыс беруі […]
Шымкент қаласында балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Бұл қуаныш балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс салтанатпен аталды. Яғни 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 […]
Пікір қалдыру