Шымкент қаласында балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Бұл қуаныш балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс салтанатпен аталды. Яғни 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 төсек-орынға лайықталған. Оңалту орталығында невралогиялық ауытқуы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді. Туа сала денсаулық үшін күресіп жүрген балалар мен олардың ата анасына жан жақты көмек көрсету үшін ескерілді.
Тағы ескерерлігі, өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады. Бұл оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Ата аналар мен балалар үшін бұл оңалту орталығының маңызы ерекше.
Пікір қалдыру