Шымкент қаласының Әділет департаменті бүлдіршіндерді 1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Нақты айтқанда, жалғызбасты, көпбалалы аналарға және олардың перзенттеріне азық-түлік пен ойыншықтар сыйға тартты. Әсіресе, жауапсыз әкеден алимент өндіре алмай жүрген ана мен баланы қуантуға тырысты.
Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде әлеуемттік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық танытып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап оларға жылы лебізін білдіріп, мерекелік тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.
«Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбек арнайы алимент өндіріп алу қатарындағы жалғыз басты аналармен кездесіп балаларға деген ақ тілегін арнап, олардың болашақтарының жарқын болуына кәміл сенім білдіре отырып, естелік суретке түсті.
Жалғыз басты аналар балалаларына қуаныш сыйлаған Департамент ұжымына алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылып отырған қайырымыдылық шарасы бүлдіршіндерге қуаныш пен жылулық сыйлайтындығын жеткізді.
Пікір қалдыру